Accessibility links

Ресейдің либералдары таяуда болып өткен сайлаудың нәтижесін мойындамайды


С.-ПЕТЕРБОР: Бүгін Ресейдің либералдық және социалистік оппозициясының 1 мыңға жуық белсендісі С.-Петербор қаласында таяуда болып өткен өлкелік сайлауға қарсы наразылық шеруіне шықты. Бәлшебектердің көсемі В.Лениннің ескерткіші маңайына жиналған халық президент В.Путинның атына өткір сын айтып, оған қарсы үндеулер көтерді. 11-інші наурыздағы өлкелік сайлау Кремльдің ашық қарсыластарын жергілікті билікке жібермей, керісінше “кремльшіл” саяси партиялардың зор басымдыққа ие болуына мүмкіндік берді. Жиналған халық 1.5 сағаттан кейін тарқап, оларды шамамен 150-дей милиция қызметкері бақылап тұрды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG