Accessibility links

Кремль БҰҰ Косово өлкесіне өзінің жаңа өкілін тағайындауға тиіс деп санайды


МӘСКЕУ: Бүгін Ресейдің Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы И.Иванов Косово өлкесінің құқықтық мәртебесі туралы жоспары қабылданбаса, БҰҰ-ы осы өлкеге өзінің жаңа өкілін тағайындауға тиіс деп мәлімдеді. Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінде Қарар қабылдауға вето қоятын, яғни бөгет қоятын құқы бар Ресей Косовоның Сербиядан бөлінуіне қарсы. Егер тараптар уәжге келе алмаса, деп мәлімдеді бүгін И.Иванов, онда Ұлттар Ұйымының жаңа өкілін тағайындап, келіссөзді әрі қарай жалғастыру керек. Ұлттар Ұйымының қазіргі өкілі Мартти Ахтисаари Косовоның құқықтық мәртебесі жөніндегі өзінің жоспарын Қауіпсіздік Кеңеске наурыздың соңында ұсынатынын хабарлаған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG