Accessibility links

Ауғанстанда ұрлаған италиян журналисі бүгін босатылуы мүмкін


БЕРЛИН: Ауғанстан президенті Х.Қарзай елдегі кісі ұрлаушылардың қолына түскен италиян журналисі Д.Мастроджакомоның бүгін босатылуы мүмкін деп мәлімдейді. Х.Қарзайдың айтуынша, өткен аптада Ауғанстанның Гильменд өлкесінде тәліптер ұрлап алып кеткен Даниэле Мастроджакомоны не босатып үлгерді, не босатуға жақын қалды. Берлинде неміс канцлері Ангела Меркельмен келіссөзінен кейін ауған президенті осылай деп мәлімдеді. Одан бұрынғы хабарға қарағанда, тәліптер Мастроджакомоны үшінші жаққа тапсырған көрінеді. Бірақ Италия үкіметі ол ақпарды растамады.
XS
SM
MD
LG