Accessibility links

Қырғыз президенті оппозиция мен адамның құқын қорғаушылардың бір талабын орындады


БІШКЕК: Бүгін Қырғызстан президенті Қ.Бәкиев Қамбарәлі Конгантиевті Бас прокурор қызметінен босатты. Оның себебі белгісіз. Бірақ Конгантиевті қызметтен алуды оппозиция мен адамның құқын қорғаушылар талап еткен болатын. Олар Бас прокурордың өткен жылы өзбек босқындарын елден шығарған әрекетіне, қауіпсіздік күштерінің 6 адамды атып өлтірген 2002-нші жылғы “Ақсы трагедиясын” және ресми билік ішіндегі жемқорлықты салғырт тергеуіне наразы болды.
XS
SM
MD
LG