Accessibility links

Түркімен қарттары мен аналары зейнетақылары мен өтемақыларын қайта алатын болды


АШХАБАД: Түркіменстанның жаңа президенті Гурбангулы Бердімұхаммедов 100 мыңнан астам қарт адамға зейнетақы және аналарға өтемақы төлеу туралы жарлыққа қол қойды. Сонымен қатар ресми газеттердің бүгінгі санында жарық көрген әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі жаңа Кодекске сәйкес, 2-нші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің жесірлеріне берілетін айлық зейнетақының мөлшері 2 есе ұлғайтылды. Өткен желтоқсан айында қайтыс болған алдыңғы президент С.Ниязов басым көпшілігін ауыл тұрғындары құраған 100 мыңнан астам қартты зейнетақысынан, ал аналарды айлық өтемақысынан айырған болатын.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG