Accessibility links

Ресейде соңғы күндердегі қайғылы оқиғаларға байланысты 21 наурыз қаралы күн деп жарияланды


200-дей адамның өмірін қиып кеткен үш бірдей апатты оқиғаға қатысты Ресей президенті В.Путин бүгінгі күнді жалпұлттық қаралы күн деп атады. Сейсенбіге қараған түні Краснодар өлкесіндегі қарттар үйінде шыққан өрттен 62 адам қаза тапқан. Кемеров облысындағы дүйсенбі күні жарылыс болған Ульянов шахтасында ең соңғы деректерге қарағанда мерт болған кеншілердің саны 107-ге жеткен. Ал өткен сенбіде Самарада ақау салдарынан қонуға мәжбүр болған Ту-154 ұшағындағы жолаушылардың 6-ы қаза тауып, 30-дан астам адам жарақат алған болатын. Президент Путин премьер-министр Михаил Фрадковқа барлық қайғылы жайттардың себеп- салдарын тергеп-тексеруді тікелей өз бақылауына алуды тапсырды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG