Accessibility links

Украина парламенті ақыр-соңында президенттің ұсынған министрін мақұлады


КИЕВ: Бүгін Украинаның Жоғарғы Радасы 32-жастағы бұрынғы экономика министрі Арсений Яценюктің сыртқы істер министрі болып тағайындалуын мақұлдады. Оны бүгін президент В.Ющенко тағайындады. Сейсенбі күні В.Ющенконың осы лауазымға ұсынған алдыңғы үміткерін – кәсіби дипломат Володимир Охризконы Жоғарғы Рада екінші рет мақұлдамай қойған болатын. Украина президенті парламентпен және “мәскеушіл” премьер-министр В.Януковичпен көптен бері уәжге келе алмай жүрді. Бұрынғы сыртқы істер министрі Борис Тарасюк – парламенттің қысымымен биліктен кетуге мәжбүр болды.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG