Accessibility links

Бүгін Ресейде мемлекеттік ту түсіріліп, “қаралы күн” жарияланды


МӘСКЕУ: Ресей президенті В.Путин бүгінгі күнді “қаралы күн” деп жариялады. Ресейде соңғы 4 күн ішінде бірқатар қайғылы оқиғаның салдарынан 180-дей адам құрбан болды. Оның ішінде Кемерово обысындағы “Ульяновская” көмір шахтасында болған жарылыстан соңғы мәлімет бойынша 107 кенші қаза тапса, сейсенбі күні Краснодар өлкесіндегі қарттар үйінен шыққан өрттің салдарынан тағы 62 адам, негізінен егде кісілер көз жұмды. Өткен сенбі күні Самара қаласының әуе жайында жолаушы ұшағы апатқа ұшырап, 7 жолаушы қаза болды, 50 адам ауруханаға түсті. Кеше Кремльді өткізген мәжілісте В.Питин: “Әрине, бұл трагедиялардың себептерін анықтап, тиесілі қорытынды жасау үшін тергеу ең биік деңгейде жүргізілуге тиіс” деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG