Accessibility links

Мәскеу ТМД кеңістігіндегі сырқы күштермен ешқандай бәсекелікке бармайды


МӘСКЕУ: Ресейдің сыртқы істер министрі С.Лавров ТМД кеңістігінде осы аймаққа жатпайтын күштер Ресейді бәсекелестіктің батпағына, тіпті теке-тіреске итермелейді деп санайды. Бүгін Мемлекеттік думада сөйлеген сөзінде С.Лавров:

“Соңғы жылдары ТМД кеңістігінде Ресейді бәсекелестіктің батпағына, тіпті теке-тіреске тартуға тырысқан сыртқы күштер пайда болды. Біз ондай арандатушылыққа алданбаймыз”, - деп мәлімдеді.

Сонымен қатар С.Лавров, АҚШ-ты өзінің зымырандық соққыдан қорғану жүйесін орнатуға Еуропалық одақтастарын көндіру үшін “қырғиқабақ соғысы” дәуіріндегі тәсілдерін қолданды деп айыптады.
XS
SM
MD
LG