Accessibility links

Пәкістанда қақтығыстар салдарынан 100 адам мерт болған


Ел билігі жергілікті тайпалар мен Әл-Қайдамен байланысты жаугерлердің арасындағы қақтығыста үш күннің ішінде 100-ден астам адам қаза тапты дейді. Олардың көпшілігі өзбектер болған. Шайқас дүйсенбі күні Ауғанстан шекарасына жақын жатқан Оңтүстік Уәзірстан аймағында басталған. Ауғанстан мен Америка ресмилері Пәкістанның жартылай тәуелсіз тайпалық облыстарындағы исламдық жауынгерлермен жеткілікті күрес жүргізе алмай отыр деп Исламабадты айыптады.
XS
SM
MD
LG