Accessibility links

БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі Иранға санкцияларды кеңейту туралы қарар талқылауларын жалғастыруда


Уран байытуды тоқтатудан бас тартып, өзінің ядролық держава болуға хұқы бар екенін қайталаған Иранға Қауіпсіздік кеңесі санкцияларды қатайтуды көздеп отыр. Қауіпсіздік кеңесінің бес тұрақты мүшесі мен Германия дайындап ұсынған құжатқа түзетулер енгізуді Индонезия, Қатар және Оңтүстік Африка республикасы ұсынды. Әзірге қарар жобасы бойынша дауыс берулердің қашан болатындығы белгісіз. БҰҰ-дағы Қатар елшісі Абдул Азиз әл-Насер қарар жобасы бойынша дауыс берулер бұл аптада бола қоймайды дегенді айтады.

- Менің ойымша, дауысқа салу бұл аптада бола қоймас. Бізге көбірек уақыт қажет, өйткені бұл өте нәзік мәселе, өте нәзік қарар. Қатар әрдайым да Кеңестің бірауыздылықта болғанын қалайтындығын айтып келеді, - деді ол.

Ал бірақ БҰҰ-дағы Франция өкілі дауысқа салу осы аптаның аяғына қарай өтуі мүмкін деп болжайды. Иран президенті Махмұд Ахмединежад қарар дауысқа салынатын күні Қауіпсізідк кеңесі мүшелерінің алдында сөз сөйлемекші.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG