Accessibility links

БҰҰ-ның басшысы сапары барысында Бағдад маңайындағы бомба жарылысынан аман қалды


БҰҰ-ның бас хатшысы Бан Ки Мун Бағдадтағы бір ғимарат ішінде болған сәтте жақын жерде бомба жарылысы орын алды. Бан Ки Мун мен Ирақ премьер-министрі Нури әл Малики бұл уақытта ерекше қорғалатын жасыл аймақта баспасөз-мәслихатын өткізіп жатқан болатын. Олардың екеуі де ешқандай зардап шеккен жоқ. Жарылыс ғимараттың дәл жанына түскен зымыраннан болса керек. Аздаған үзілістен кейін Бан Ки Мун мен Нури әл Малики журналистердің сұрақтарына жауап берулерін одан әрі жалғастырды. Бұл Бан Ки Мунның Кофи Аннанның орнына БҰҰ-ның жетекшілігіне келгеннен бергі осы аймаққа алғашқы сапары еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG