Accessibility links

Қырғызстандағы ынқылаб – үкіметтік төңкеріске 2 жыл болды


Бішкектен хабарланғанындай, наурыздың 24-інде орын алған Қырғызстандағы үкіметтік төңкерістен кейін, ол кездегі президент Ақаевтің қызметтен ығыстырылғандығына бүгін екі жыл толып отыр. Дегенмен, кейбіреулер елде еркіндік орнады деп тойласа, басқалар Қырғызстан үкіметінің қазіргі тірлігін сынап жатыр. Мысалы, Ош қаласында бүгін жұртшылық шеруге шығып, берген уәдесін орындамағаны үшін үкіметті сынады. Ал президент Қ.Бақиев бүгін:

- Ешқандай үкіметтік төңкеріс болмайды. Қырғызстанда заңды үкімет бар. Мемлекеттің өз заңы бар, сондай-ақ халық тұрақтылықты қалайды, - деді.

Қ.Бақиев президент ретінде, азаматтық бірлікті сақтап қалу үшін бар күшін салатынын айтты.
XS
SM
MD
LG