Accessibility links

Британия премьер-министрі Иранды Ирақ суларында британдық теңізшілерді ұстады деп айыптады


Британия премьер-министрі Тони Блэр Иранды Ирақ суларында британдық теңізшілерді ұстады деп айыптады. Бұл жағдайдың өте маңызды екенін Теһран түсінуі керек, деді Тони Блэр. Берлинде журналистердің алдында сөйлеген сөзінде Блэр жұма күнінен бастап Иранның 15 теңізшіні ұстап отыруы “негізсіз және дұрыс емес” деп мәлімдеді. Ал Иран жағы болса ол теңізшілер Иран суларын заңсыз түрде кесіп өткендерін мойындады деп отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG