Accessibility links

Британия бас министрі Тонни Блейер Иран 15 теңізшіні тез арада босатсын деп талап қылды


Британия бас министрі Тонни Блейер Иранға қайырылып, тұтқынға түскен 15 теңізшіні тез арада босатуға шақырды. Тонни Блейер дипломатиялық жолмен босатып алуға шамамыз жетеді деген үмітім бар, әйтпесе басқа шараға жүгінуге тұра келеді деді. Тонни Блейердің сөзіне сипаттама жасаған оның ресми өкілі бұл жерде Иранға күш көрсету тұспалданып отырған жоқ деді. Иран сыртқы істер министрлігі Британияның 15 теңізшісі Иран су аймағына заңсыз кіріп кеткен, олардың қамаудағы жағдайы жақсы дейді. Британия үкіметі теңізшілеріміз Иран емес, Ирақ аймағында жүрген, заңсыз ұсталды дейді.
XS
SM
MD
LG