Accessibility links

АҚШ сыртқы істер министрлігі БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне сын айтты


АҚШ сыртқы істер министрлігі Иран мен Өзбекстанда адам құқықтарының жағдайын бақылауды тоқтатуға шешім қабылдаған БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне сын айтты. БҰҰ-ның кеңесі шешімді дүйсенбі күні қабылдады, шешім бес мемлекет өкілдерінен құралған комиссия нұқсауының негізінде жасалды. Комиссияға адам құқықтарын қатты бұзады деп айтылатын Зимбабве өкілі де қатысқан. АҚШ сыртқы істер министрлігі 2006 жылға арналған баяндамасында Иран мен Өзбекстан үкіметтері адам құқықтарын жаппай бұзады деп сын айтқан.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG