Accessibility links

Иран 15 британ теңізшісі Иран айлағына кіріп кеткен деген сөзінен қайтпай отыр


Иран сыртқы істер министрі Манучехр Мотаки 15 британ теңізшісі Иран айлағында ұсталды, Британия үкіметі осыны мойындау керек деп мәлімдеді. Бұл сөзін ол Рейтерс агенттігіне айтты. Иран министрі теңізшілердің арасындағы жалғыз әйелді тез арада босатамыз, қалғандарымен Британия өкілдері кездессе болады деді. Иран телекомпаниясы өткен аптада ұсталған теңізшілерді көрсетті, олар Иран айлағына баса көктеп кірген деп сипатталды. Британия қорғаныс министрі Дес Браун теңізшілеріміз Ирақ су айлағында болған, Иран сақшылары оларды күшпен алып кеткен дейді.
XS
SM
MD
LG