АҚШ президенті Джордж Буш Иран Британияның 15 теңізшісін тез арада босату керек, олардың ұсталуы "кешірілмейтін нәрсе" деді. Джордж Буш Британия теңізшілерін "кепілдікке түскен адамдар" деп атады, олардың кінәсі жоқ, олар Ирақ су айлағында жүргенде қамауға алынды, Иран оларды босатуға міндетті деді. Президент Буш мәселені бейбіт жолмен шешуге күш салып жатқан Британия бас министрі Тонни Блейерді қолдаймын деді. Иран президенті Махмұд Ақмеденижат теңізшілер Ирақ су айлағына кіріп кеткен болатын, Британия кешірім сұраса жөн дейді. Британия теңізшілері Иран мен Ирақты шектейтін Парсы шығанағында 23 наурызда ұсталды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Өлексесі табылған малға ғана өтемақы төлейміз"
Су тасқынының шығыны қалай есептеліп жатыр?
-
Өскемен мен Семей
Халық жылдар бойы несие төлеп келе жатса да, көше неге тас қараңғы?