Accessibility links

Непалда 10 жыл бойы жалғасқан азамат соғысы аяқталды


КАТМАНДУ: Непалдың жаңа коалициялық үкіметінде бұрынғы коммунистік көтерілісшілердің бесеуі бүгін ант беріп, осы елде 10-шақты жыл жалғасқан азамат соғысы аяқталды. Премьер-министр Джириджа Прасад Койрала бастаған жаңа үкіметті өткен маусым айында сайлаған құрылтай жиналысы жасақтап отыр. Бұл үкімет ұлттық конституцияға өзгеріс енгізіп, монархияның келешек тағдырын шешуге тиіс. Маоистік коммунистер өткен жылы Гьянендра патша тақтан құлаған соң, қаруын тастаған болатын.
XS
SM
MD
LG