Accessibility links

Арабтар Палестина жерінен кейін шегінгенде ғана Израиль мемлекетін мойындайды


РАМАЛЛАҺ: Бүгін Германия канцлері Ангела Меркель Рамаллаһ қаласында Палестина автономиясының төрағасы М.Аббаспен келіссөз өткізді. Өз сөзінде Меркель ханым автономияның жаңа үкіметі Израильді мойындап, осыған дейінгі барлық бейбіт келісімді орындауға және қантөгістен бас тартуға тиіс екенін тағы да қайталап айтты. Бұл, деп мәлімдеді Меркель, Таяу Шығыстағы бейбіт кеклісімге дәнекер болған 4 елдің талап-шарты. Өз кезегінде М.Аббас Израильден араб елдерінің бейбіт бастамасына үйлесімді жауап беруін талап етті. Араб елдері 1967-нші жылы басып алған Палестина жерінен шегінгенде ғана Израильді мойындауға дайын.
XS
SM
MD
LG