Accessibility links

Ирақта наурыз айында қаза болған бейбіт тұрғындардың саны 13 пайызға артты


БАҒДАД: Ирақтан алынған ақпарға сәйкес, өткен наурыз айында құрбан болған бейбіт халықтың саны алдыңғы айлармен салыстырғанда 13 пайызға арта түскен. Наурыз айында 1.900 бейбіт тұрғын қаза тапқан. Қаза болғандардың көпшілігі - шийттер мен сүнниттердің арасындағы қантөгісті тию үшін осыдан 6 апта бұрын басталған қауіпсіздік операциясы іске асырылып жатқан Бағдад қаласының сыртындағы елді-мекендерде көз жұмған көрінеді. Ең үлкен қанды оқиға – Ирақтың солүстігіндегі Таль-Афар қаласында болды. Өткен сейсенбі күні бомба орнатылған автокөліктің жарылысынан 152 адам аза тапты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG