Accessibility links

Ағылшын теңізшілері Иранның теңіз суына бұзып кіргендерін түгел мойындады


ТЕҺРАН: Иранның мемлекеттік баспасөзінің хабарлауынша, Теһранда тұтқында отырған ағылшындардың 15 әскери теңізшісі Иранның теңіз суына заңсыз өткендерін түгел мойындады. Оның қарсаңында Иран теледидары 4 теңізшінің өздері тұтқындалған 23-інші наурыз күні Иранның теңіз суына рұқсатсыз кіргендерін мойындаған сәтін көрсетті. Ресми Лондон бұл сюжеттің көрсетілуін Теһранның “қисынсыз” қадамы деп бағалап, өз азаматтары теңіздің Иранға қарайтын бөлігінде ұсталды деген райынан қайтпай отыр. Кеше ағылшын үкіметі өз азаматтарын босату үшін Иранмен тікелей байланысқа шығатынын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG