Accessibility links

Сенбі-жексенбі күндері Ирақта АҚШ-тың тағы 6 жауынгері қаза тапты


БАҒДАД: Бүгін Ирақтың солтүстігіндегі Киркук қаласында жанпидашыл-террорист отырған жүк көлігі полиция бөлімінің жанында жарылып, одан кем дегенде 12 адам қаза тапты, 100 шақты адам, оның ішінде көрші мектептің оқушылары жараланды. Баакуба қаласының маңайынан жексенбі күні ұрланған 19 бейбіт тұрғынның мәйіттері табылды. Барлығын да атып өлтірген. Ирақтағы АҚШ армиясы сенбі-жексенбі күндері Бағдадта болған 2 жарылыстан 6 жауынгерінің қаза тапқанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG