Accessibility links

Қырғыз президенті жаңа үкіметтің тағы 3 министрін тағайындады


БІШКЕК: Бүгін Қырғызстан президенті Қ.Бәкиев оппозицияның талап-шарты бойынша құрылған жаңа коалициялық үкіметтің тағы 3 мүшесін тағайындады. Олар денсаулық сақтау, төтенше жағдайлар бойынша министрліктері мен жаңадан құрылған мемлекеттік салық комитетін басқарады. Сонымен қатар президент қорғаныс, сыртқы істер, көлік, экономика және ішкі істер министрлерін тағайындады. Жаңа үкіметке тағы 11 мүшесі тағайындалуға тиіс. Өткен аптада қырғыз парламенті оппозицияның ұстамды өкілі Алмаз Атамбевты премьер-министр етіп мақұлдаған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG