Accessibility links

Украина президент В.Ющенко Жоғарғы Раданы таратуға дейін баруы мүмкін


КИЕВ: Бүгін Украина президенті Виктор Ющенко елді саяси дағдарыстан шығарудың жолдарын парламент фракцияларының лидерлерімен талқылауға тиіс. В.Ющенко егер осы келіссөз сәтсіз аяқталатын болса, “ресейшіл” партиялар басым дауысқа ие болып отырған Жоғарғы Раданы таратуға дейін баратынын мәлімдеді. Бүгін Киевтің орталық алаңында бірнеше мың адам президенттің осы ескертуіне қарсы наразылық шеруін өткізуде. В.Ющенко парламенттегі “ресейшіл” топтарды “бүкіл билікті басып алды” деп айыптады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG