Accessibility links

Цунами шайып өткен Соломон аралдарындағы құрбандардың саны 20-дан асады


ХОНИАРА: Өткен дүйсенбі күні биіктігі 10 метрге дейін жететін цунами толқыны шайып өткен Соломон аралдарында кем дегенде 20 адам құрбан болды. Жергілікті билік қаза тапқандардың саны одан әлдеқайда көп болады деп алаңдайды, бірақ нақты мәлімет жоқ. Өйткені, апат болған кейбір аудан тым алыста орналасқан. Мыңдаған тұрғын баспанасыз қалды. Цунами толқыны – қуаты “Рихтер” өлшемі бойынша 8 балға дейін жеткен Тынық мұхитындағы зілзаладан туды.
XS
SM
MD
LG