Accessibility links

БҰҰ-ының Бас хатшысы Лондон мен Теһранды сабырлыққа шақырды


ТЕҺРАН: Иран билігінің мүшесі Әли Лариджани тұтқынға алынған ағылшын теңізшілерінің төңірегіндегі жанжалды дипломатиялық жолмен шешуге болады деп сенеді. Ағылшын телеарнасына берген сұхбатында Ә.Лариджани әскери теңізшілерді сотқа берудің ешбір қажеттігін көрмей отырғанын мәлімдеді. Ресми Теһран 15 ағылшын теңізшісі теңіздің өзіне қарайтын шекарасында ұсталды деп отырса, Лондон – теңіздің Ираққа қарайтын суында тұтқындалды деп тіресіп отыр. БҰҰ-ының Бас хатшысы Пан Ги-Мун екі жақты сабырлыққа шақырып, Теһраннан британдық теңізшілерді тезірек босатуға шақырды.
XS
SM
MD
LG