Accessibility links

Украина парламентінің тағдыры енді Конституциялық сотта шешілуге тиіс


КИЕВ: Украина президенті В.Ющенконың парламентті тарату туралы жарлығы бүгін өзінің күшіне енді. Президент мұндай жарлыққа елді саяси дағдарыстан шығару үшін қол қойды. Ол парламенттегі коалициялық көпшілікті премьер-министр В.Януковичпен бірлесе отырып, оппозициядағы депутаттарды өз жағына тартып, конституцияны бұзды деп айыптады. Жоғарғы Рада мен премьер-министр президенттің жарлығына бағынбайтынын мәлімдеп, 27-нші мамырға белгіленген кезектен тыс парламент сайлауын қаржыландыру туралы заңды мақұлдамады және ол жарлықтың Ата заңға сәйкестігін тексеруді өтініп Конституциялық сотқа жүгінді.
XS
SM
MD
LG