Accessibility links

Лондон мен Теһран ресмилері теңізшілер мәселесіне қатысты “тікелей” байланысқан


Британия тұтқындалған ағылшын теңізшілерінің мәселесіне байланысты Иранның жоғары лауазымды ресми өкілімен тікелей байланысқанын растады. Премьер-министр Тони Блэрдің кеңсесінен хабарланғанындай, Британия ресмилері Иранның Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің басшысы Али Ларижанимен сөйлескен және екі жақ та ұсталған теңізшілерге байланысты даудың ертерек шешілуін қалайтынын айтқан. Иран жағы наурыздың 23-і күні ұсталған Британияның 15 теңізшізі Иран суларын заңсыз кесіп өткен дейді, бірақ бұл айыптауларды ресми Лондон жоққа шығарып отыр. Ал бүгін Иран президенті Махмуд Ахмадинежад баспасөз-маслихатын өткізеді деп күтілуде. Оның барысында Ахмадинежад мырза Теһран тарапынан ұсталған британиялық теңізшілердің мәселесіне қатысты дипломатиялық дау туралы сөз қозғауы мүмкін.
XS
SM
MD
LG