Accessibility links

Дж.Буш Өкілдер палатасы төрайымының Сирияға баруына түпкілікті қарсы


ДАМАСК: АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының төрайымы Нэнси Пилоуси бүгін Дамаск қаласында Сирия президенті Башар Әл-Асадпен келіссөз өткізуге тиіс. Нэнси ханымның айтуынша, бұл сапардың мақсаты – Сириямен арадағы диалогты жалғастыру. АҚШ президенті Дж.Буш Н.Пилоусидің бұл сапарына қарсы болып, ресми Дамаск сапардың мақсатын “бұрыс” түсінуі мүмкін деп мәлімдеді. Ресми Вашингтон Сирияны “халықаралық терроризмді қолдайды” және “Ливан мен Ирақтың ішкі істеріне килігеді” деп айыптап келеді.
XS
SM
MD
LG