Accessibility links

Ресми Белград Косовоны сақтап қалуға Мәскеу көмектеседі деп үміттенеді


НЬЮ-ЙОРК: Ұлыбританияның БҰҰ-ындағы елшісі Джонс Перри Қауіпсіздік Кеңесінің басым көпшілігі Косово өлкесінің құқықтық мәртебесі туралы жоспарды қолдайды деп мәлімдеді. Сонымен бірге, деп атап көрсетті ағылшын дипломаты, Ұлттар Ұйымының арнаулы өкілі Мартти Ахтисаари әзірлеген ол жоспар таяуда дауысқа салынады деп ойламайды. Ол жоспарда Косовоның Сербиядан тәуелсіздік алуы қарастырылған. Ресми Белград оған түбегейлі қарсы. Қауіпсіздік Кеңесінде Сербияны Ресей қолдап отыр.
XS
SM
MD
LG