Accessibility links

Украина үкіметі мен парламенттегі көпшілік жаңа сайлауға дайындалмайды


КИЕВ: Бүгін Украинаның премьер-министрі Виктор Янукович президенттің парламентті таратып, мамыр айында жаңа сайлау өткізу туралы жарлығының Ата заңға сәйкестігін Конституциялық сот саралап, қаулы қабылдағанша, парламенттегі көпшілікті құрайтын коалиция мен үкімет кезектен тыс парламент сайлауына дайындалмайды деп мәлімдеді. Президент В.Ющенконың әлгі жарлығы сейсенбі күні күшіне кіріп, Жоғарғы Рада Конституциялық соттан заңға сәйкестігін анықтауды өтінді. В.Янукович ол жарлықты “үлкен қателік” деп бағалады.
XS
SM
MD
LG