Accessibility links

Ненси Пилози Дамаск қаласында Сирия президенті Башар Әл-Асадпен кездесті


АҚШ Конгресінің төменгі палатасы Өкілдер палатасының төрайымы Ненси Пилози кеше Дамаск қаласында Сирия президенті Башар Әл-Асадпен кездесті. Ненси Пилози Сирия президентіне Израиль бас министрі Эхуд Өлмерттің хатын тапсырдым, Израиль Сириямен келіссөз жүргізуге ниет танытты дейді. Сирия президенті де келіссөз жүргізуге дайын екенін айтты, дейді Ненси Пилози. Израиль Сириямен сөйлеспейміз, Сирия Палестинаның қатаң бағытындағы топтарын қолдауын және Ливанда орналасқан "Хизболла" тобын қолдауын тоқтатсын дейтін. Ненси Пилози сапарым Сириямен келіссөз жүргізуге жол ашады дейді. АҚШ президенті Джордж Буш Ненси Пилозидің сапары Сирияны оқшауландыруға бағытталған саясатымызға нұқсан келтіреді деді.
XS
SM
MD
LG