Accessibility links

Тәжіктердің б.д. дейінгі тарихына жататын жәдігерлері британ мұражайында жатыр


ДУШАНБЕ: Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Ұлыбританиядан көне дәуірге жататын алтын және күміс бұйымдарының жинағын тәжік еліне қайтарып беруін талап етпекші. Тәжік президентінің әкімшілігі хабарланғандай, Э.Рахмон британ мұражайында сақталып жатқан “Охсус” дәуірінің қазынасын қайтарудың барлық шарасын қабылдауға нұсқау берді. “Оксус” қазынасы – біздің эрамызға дейінгі 4-5-інші ғасырларға жататын 170 бұйымнан тұрады, оның ішінде алтын ақша, ыдыс-аяқ, әшекейлер, сақина, мөр және т.б. бұйымдар бар. Бұл жәдігерлер 19-ыншы ғасырда табылған. “Оксус” – Амударияның ежелгі атауы болып табылады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG