Accessibility links

Украина президенті В.Ющенко өз Жарлығын қайтарып алмайтындығын мәлімдеді


Виктор Ющенко өзінің Парламентті таратып, мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы берген жарлығынан кейін саяси дағдарыс жалғасқандықтан бүгін Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің төтенше мәжілісінде сөз сөйледі.

- Украина заңы ешкімге бұл жарлықты мойындамау хұқын бермейді. Сіздер өздеріңізді алаңдатқан мәселе бойынша Конституциялық сотқа қайрылып шешім шығара аласыздар, бірaқ оның бәрі де егер заң аясында болса, ал мен Жарлықтың орындалуы турасында ешкіммен ымырашылдыққа бара алмаймын, - деді ел президенті.

Ющенконың басты бәсекелесі, премьер-министр Виктор Янукович Конституциялық соттың шешімі шыққанға шейін, парламентті жұмыс істей беруге шақырып отыр. Үш күннен бері Киевте жүздеген адам Парламентті тарату туралы шешімге қарсы наразылық шеруіне шығып, алаңда шатырлы қалашық орнатты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG