Accessibility links

Бүгін Қадыровты Шешенстан президенті ретінде ұлықтау рәсімі болды


Рамзан Қадыров Шешенстанның жаңа президенті ретінде ант қабылдады. Салтанатты рәсім Грозныйдың шығысындағы Гудермес қаласында өтті. 30 жасар бұрынғы шешен сепаратисі Қадыровты Ресей президенті В.Путин Шешенстан басшылығына ұсынған болатын, өткен айда оның кандидатурасын жергілікті парламент мақұлдаған еді. Қадыровтан бұрын Шешенстан президенті Алу Алханов болған. Адам хұқтары топтары Қадыров пен оның милициясын адам хұқтарының жаппай аяққа тапталуына жол берді деп айыптаған болатын.
XS
SM
MD
LG