Accessibility links

Жоғалып кеткен шешен азаматының әйелі Ресей билігіне қарсы сот ісінде жеңіске жетті


Бүгін адам хұқтары жөніндегi Страсбург соты 2000 жылы шешен азаматының жоғалып кетуіне Ресей үкіметі айыпты деп тапты. Шахид Байсаев Грозныйдың жанында әскерилер тазалау операциясын жүргізіп жатқан кезде жұмысына бара жатқан жолда хабарсыз кеткен болатын. Сот оның әйелі Асмарт Байсаеваға келтірілген шығын және сот шығындары үшін 86 мыңнан астам долларды Ресей төлеуі керек деген шешім шығарды. Жалпы, 1999 жылы екінші Шешен соғысы басталғаннан бері із-түзсіз жоғалған адамдар саны 5 мың деп бағаланады. Адам хұқтары топтары Мәскеушіл қауіпсіздік күштері мен Ресей жасақтарын бұған айыпты деп санайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG