Accessibility links

Қырғызстанда оппозиция белсенділері аштық ереуілін өткізіп жатыр


Қырғызстан бас министрі Алмаз Атамбаев мемлекет басқару жүйесін жетілдіру жөнінде кеше жұмыс тобын құрды, топтың 11 мүшесі ұсыныс кіргізсін деп бұйырды. Топ мүшелерінің арасында орташа деңгейдегі оппозиция белсенділері Роза Отынбаева мен Ишенбай Абдыразақов бар. Дегенмен, оппозицияның басқа белсенділері кеше аштық ереуілін бастады. Олар конституциялық реформа жобасын дайындаудан бас тартты, президент Құрманбек Бақиев биліктен кетсін деп талап айтады.
XS
SM
MD
LG