Accessibility links

Тәліптер италияндық журналисті босатса да, оның 2 көмекшісін дарға асты


КАБУЛ: Кеше Ауғанстанда тәліптер өткен айда ұрланған италияндық журналистің ауған тілмашын дарға асып өлтірді. “Азат Ауғанстан” Радиосының хабарлауынша, тәліптер Аджмал Нақшбанди деген тілмашты ауған үкіметі өздерінің талап-шартын орындамаған соң дарға асқан көрінеді. Италиян журналисі Даниэле Мастроджакомо - өзінің автокөлік жүргізушісімен және тілмашымен бірге өткен айдың соңында ұрланған болатын. Көп ұзамай тәліптер журналистің өзін босатып, оның 2 ауған серігін де дарға асты.
XS
SM
MD
LG