Accessibility links

Ата заңға түзету енгізілісімен қырғыз премьері үкімет басынан кетуге дайын


БІШКЕК: Ата заңға түзетулер енгізіліп, ол қоғамның бітімге келуіне қызмет етсе, онда Қырғызстанның премьер-министрі Алмаз Атамбаев үкімет басынан кетуге дайын. Ол жайында А.Атамбаевпен кездесуінен кейін “Реформалар үшін” оппозициялық қозғалысының мүшесі Иса Өмірқұлов хабарлады. Екеуі де конституциялық түзетулерді құрастыратын жұмыс тобының мүшелері. Ал “Қырғызстанның жарқын болашағы үшін” оппозициялық бірлестігінің 80-нен аса мүшесі президент Қ.Бәкиевтің биліктен кетуін және кезектен тыс президент сайлауын өткізу талабымен өткен бейсенбіден бері парламент алдында аштық өткізуде.
XS
SM
MD
LG