Accessibility links

Британ теңізшілері Иранда тұтқында болғанда шахмат мен теннис ойнап көңіл көтерді


ТЕҺРАН: Иран өткен аптада босатылған Ұлыбританияның әскери теңіз күштерінің 15 теңізшісі туралы қосымша бейнесюжетті жарыққа шығарды. Мемлекет меншігіне қарайтын “Әл-Алам” телеарнасынан берілген бұл бейнесюжетте британ теңізшілері ештеңеге алаңдамай өзара әңгімелесіп, күлісіп, шахмат пен үстөл теннисін ойнап жатыр. Оның қарсаңында Ұлыбританияға оралған 15 теңізшінің бірнешеуі Теһранда тұтқында отырғанда жекелеген салқын түрме камераларына қамалып, өздеріне 2 аптадай психологиялық қысым жасалғанын мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG