Accessibility links

Украина президенті Виктор Ющенко парламент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу керек деп тағы мәлімдеді


Киев қаласында Әулие София шіркеуінде Пасха мерекесінде сөйлеген Виктор Ющенко парламентті тарату шешімі конституцияға сәйкес, сайлауды мерзімінен бұрын 27 мамырда өткізу керек деді. Ющенко артқа шегінетін ойым жоқ деді. Оның қарсыласы бас министр Виктор Януковичті жақтаған мыңдаған адам кеше Киевте тағы демонстрация өткізді. Олар президент райынан қайтсын, қазіргі парламенттің өкілеттігі жалғаса берсін деп талап қылды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG