Accessibility links

Кабулдағы жарылыстан 7 адам опат болды


Ауғанстан полициясының хабарлауынша, ел астанасы Кабулда орын алған жанкештілік шабуылдан 7 адам құрбан болған. Полиция басшысы Есматулла Дауалатзай ол оқиғаны былай сипаттады:

“Бір такси Дарул-Аманнан қалаға қарай келе жатқан еді. Кейін полиция көлікті тексеру үшін оны тоқтатпақшы болып еді, таксидің ішіндегі жанкешті өзін-өзі жарып жіберді”, - деді полиция басшысы. Парламент ғимаратының жанында болған жарылыстан, сондай-ақ, бес адам жарақат алған.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG