Accessibility links

Украина премьер-министрінің қолдаушылары Киевте шеру өткізді


Бүгін Киевте Украина премьер-министрі Виктор Януковичтің 7 мыңға жуық қолдаушысы шеру өткізді. Олар президент Виктор Ющенконың парламентті таратып, жаңа сайлау өткізу жөніндегі жарлығына байланысты наразылық танытты. Янукович президент жарлығын жоққа шығарып, парламент мүшелерін Конституциялық Соттың шешіміне дейін одан әрі жұмыс істеуге шақырды. Осы аптадағы келіссөздерде Ющенко мен Янукович елдегі саяси дағдарыс жөнінде бір мәмілеге келмеген болатын.
XS
SM
MD
LG