Accessibility links

Иран Британия теңізшілерінің сөзін "пропаганда" деп қабылдады


Иран сыртқы істер министрлігі тұтқыннан қайтқан Британия теңізшілерінің мәлімдемесін "пропаганда" деп қабылдады, олар Иран су айлағына заңсыз кіргендерін бұрмалап отыр деді. Британия теңізшілері кеше Дивон қаласында баспасөз мәслихат өткізді, Иран су айлағына кірген емеспіз, Иран сақшылары бізді күшпен алып кетті деді. Лейтенант Феликс Кармен тұтқында үнемі психологиялық қысымға тап болдық, жеке камераларға қамалып жаттық дейді. Британ теңізшілері Иран территориясына заңсыз кірдік деп айтуға мәжбүр болдық, әйтпесе жеті жыл түрмеде отырасыңдар деп бопсаландық дейді. Британияның 15 теңізшісі Парсы шығанағында 23 наурыз күні ұсталған, тұтқында екі апта отырып шықты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG