Accessibility links

Боснияда сиыр етіне ескерткіш қойылды


Босния астанасы Сараевода азаматтық соғыс кезінде көрсетілген халықаралық гуманитарлық көмекті мазақ қылған ескерткіш орнатылды. Сиыр еті консервісін бейнелеген ескерткіштің биіктігі бір метр, тұғырда "Халықаралық қауымдастыққа арналған ескерткіш" деп жазылды. Бұл жердегі мәселе – Босния азаматтары 1992-1995 жылдары болған соғыста елімізді қорғау мүмкіншілігінен айырылдық, халықаралық қауымдастық қару сатып алуға тыйым салды, есесіне гуманитарлық көмек көрсеттік деп ескіріп кеткен сиыр етін төгіп тастады дейді. Азаматтық соғыс кезінде сиыр етінің консервілері Боснияға ізгі-ниет көмегі ретінде көп әкелінген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG