Accessibility links

БҰҰ-ының “қара тізіміне” ілінген Иран генералы Ресейге еш бөгетсіз барып қайтты


МӘСКЕУ: БҰҰ-ының “қара тізіміне” ілінген Иран генералы Ресейге барып қайтты. Генерал Мохаммад Бәкір Золқадр – “Ислам төңкерісі сақшыларының” таңдаулы әскері басшылығының құрамына кіреді және сонымен қатар Иран ішкі істер министрінің қауіпсіздік мәселелері бойынша орынбасары болып табылады. Оның аты-жөні – БҰҰ-ы жасаған Иранның 15 ресми тұлғасының тізіміне кіреді. Олардың Ираннан басқа елге баруына шектеу қойылған. Кеше генерал Золқадр ешқандай кедергі көрмей Ресейден Иранға оралды. Ресейдің сыртқы істер министрлігі Золқадрдың сапарда болғанын растады.
XS
SM
MD
LG