Accessibility links

Ирақтағы шийттердің діни көсемі АҚШ әскеріне қарсы қару көтеруге шақырады


ӘН-НАДЖАФ: Ирақтағы шийттердің радикалды діни лидері Мұқтада Ас-Садрдың үндеуі бойынша кеше Ән-Наджаф қаласында 10-даған мың халық АҚШ-қа қарсы жаппай наразылық шеруіне шықты. Көшеге шыққан халық шет елдердің әскерлерін дереу Ирақтан шығаруды талап етті. Оның қарсаңында Ас-Садр өзінің үзеңгілестерін қаруын америкалықтарға қарсы көтеруге шақырды. 9-ыншы сәуір – осыдан 4 жыл бұрын АҚШ армиясының Бағдад қаласын басып алып, С.Хусеин режимін құлатқан күні. Кеше Бағдадта террористік шабуылдарға жол бермеу үшін барлық автокөлік түрінің жүруіне толық тыйым салынды.
XS
SM
MD
LG