Accessibility links

АҚШ Конгресі Ресейге қатысты “Джексон-Веник түзетулерін” таяуда жоя қоймайды


ВАШИНГТОН: АҚШ-тың сауда министрі Сьюзан Шваб (Susan Schwab) ханым Ресей өзінің міндеттемелерін өте баяу орындайды және Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуға қажетті талаптарды орындауға асықпайды деп мәлімдейді. Оның атап көрсеткеніндей, құрамында 150 мүшесі бар Дүниежүзілік сауда ұйымына қабылдану үшін Ресей тым баяу қозғалады. Сондай-ақ Шваб ханым АҚШтың Ресеймен арадағы сауда қатынасына бөгет болып отырған Джексон-Веник түзетулерін АҚШ Конгресі таяу болашақта жояды деп күтпейтінін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG