Accessibility links

Ауғанстандағы Аустралия әскерінің қатары 950-ге дейін ұлғайтылады


КАНБЕРРА: Аустралия үкіметі Ауғастанда қайта бас көтерген тәліптерге тойтарыс беру үшін осы елге қосымша әскерін, оның ішінде арнаулы әскери бөлімшесін аттандыратынын мәлімдеді. Аустралия премьер-министрі Джон Хауард осы жылдың ортасына қарай Ауғанстандағы Аустралия әскерінің қатары 950 жауынгерге жететінін хабарлады. Аустралияның қосымша әскері Ауғанстанның Урузган өлкесіне орналасуға тиіс. Осы күні Ауғанстанда Аустралияның 550 жауынгерлік әскері бар.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG